Облыс орталығында кинологтардың республикалық көпсайысы жалғасуда. Көп жағдайда қылмыстың ізі иісшіл иттердің көмегімен ашылады. Осындай сенімді серіктердің шеберлігі мен тапқырлығы бүгінгі жарыста да айқын көрініс таппақ. 20-ға жуық кинолог пен олардың қызметтік иттері жарылғыш заттар мен есірткі іздеп, із кесу бойынша шеберліктерін сынға салуда.
Сайыс алаңында кинологтардың сенімді серіктері – қызметтік иттер сынға түсіп, шеберліктерін паш етпек. Жарыс барысында төрт аяқтылар жарылғыш заттар мен есірткі іздеп, із кесуі тиіс.
СНХ:ЖӘНІБЕК ҚАЛЫБЕКОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ
Абай облысы, Семей қаласынан келген Ержан Оразбаев жарысқа «Чанк» атты қызметтік итімен қатысып отыр. Ержан мен оның сенімді серігі 2021 жылдан бері бірге қызмет атқарып келеді. Негізгі бағыты – жарылғыш заттарды іздестіру. Осы уақыт ішінде олар бірнеше жауынгерлік тапсырмаға шығып, жарылғыш заттарды анықтаған.
СНХ:ЕРЖАН ОРАЗБАЕВ, ҚР ҰҰ 5511 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КИНОЛОГЫ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ
ЖАНСЕН КЕРЕЕВ, ҚР ҰҰ 6655 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КИНОЛОГЫ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
СНХ:Өмірінің 16 жылын кинология саласына арнаған тәжірибелі маман Жансекен Кереев Ақтөбе қаласынан келді. Ол сайысқа «Қара» атты қызметтік итімен бірге қатысуда.