Сиыр етінің келісі 5000 теңгеден асты. Осылай деген Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев, қымбатшылыққа алаңдаушылық білдіріп, оның шешу жолдарын ұсынды. Ол өз депутаттық сауалын Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдап, ұсыныстарын жеткізді. Ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру шараларын қайта қарауды, делдалдар мен алыпсатарлардың әрекетін шектеуді, ал фермерлерге өнімін еркін өткізуге мүмкіндік беруді сұрады.

СНХ:ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ