Қазақстанда Отбасы күні қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Биыл атаулы мейрам қыркүйек айының 14 – не келіп отыр. Осы орайда, Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде мереке жоғары деңгейде аталып өтті. Оқушылар мен ата-аналар арасында, түрлі эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, мерекелік іс-шаралар өтті.

2013 жылдан бастап Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде ерекше мәні бар Отбасы күні атап өтіледі. Бұл күн - отбасы құндылықтарын дәріптеуге, қоғамда мейірімділік пен ізгілікті насихаттауға арналған маңызды мерекелердің бірі.

СНХ:ЛӘЗЗАТ ЖОЛМҰҚАНОВА, №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Отбасы күні – бірлік пен берекенің, сүйіспеншілік пен қамқорлықтың мерекесі ретінде қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды бекемдеуге бағытталған игі дәстүрге айналды. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде өткен іс-шараға оқушылар белсене қатысты.

СНХ:ДАЯНА ӘЛИ, ОҚУШЫ


Айта кетейік, білім ордасында оқушыларға тәрбиелік маңызы зор осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.