Облыс әкімі Solidcore Resources компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несиспен кездесу өткізді.
Компания өңір аумағында стратегиялық маңызы жоғары жоба - «Сырымбет» қалайы кен орнын игеру жұмысын жүзеге асыруда. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 150 млрд теңгені құрайды. Аталған жобаның жүзеге асырылуы өңір экономикасының дамуына қуатты серпін беріп, 800-ден астам жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Solidcore Resources құрамына кіретін «Tin One Mining» АҚ мен Айыртау аудандық агротехникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл - тау-кен өндірісі саласына қажетті білікті мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам. Жобаны іске қосу 2028 жылға жоспарланған. Жұмыстардың іске асырылу барысы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.