Президент халыққа арнаған жолдауында экономиканы дамыту мен кәсіпкерлерді қорғаудың негізгі бағыттарын айқындады. Мемлекет басшысы «Бизнеске артық тексерістерден қорғаудың маңызды құралы міндетті талаптар тізілімі болуы тиіс», деп атап өтті. «Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызға, ал жұмыспен қамту ісіндегі үлесі 50 пайызға жуықтады. Бұл – жаман көрсеткіш емес. Елімізде 2023 жылдан бері бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған «Мен кәсіпкер» ұлттық жобасы аясында «Бір ауыл – бір өнім» бастамасы жүзеге асырылып келеді. Соңғы үш жыл ішінде облыс бойынша аталған жоба аясында ұйымдастырылған жәрмеңке мен көрмелерге жергілікті шикізаттан жасалған өнімдерін ұсынған жетпіс кәсіпкер қатысты.
Ағымдағы жылдың шілде айында өткен жәрмеңке-көрмеге жергілікті тауар өндірушілердің 40-қа жуық өкілі қатысты. Іс-шара барысында олардың ішінен 10 үздік жоба іріктелді.
СНХ:ӘСЕЛ САМАРАТОВА СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Алғашқы кезеңнен өткен он үздік кәсіпкердің қатарында Тайынша ауданының тұрғыны Жамбыл Қайыржанов та бар. Бүгін ол қазылар алқасы алдында өз жобасын таныстырды. Бұрын полиция қызметінде болған азамат соңғы екі жылда кәсіпкерлікке бет бұрып, ет өнімдерін өндіру ісін жолға қойған. Қазіргі таңда ол қой, жылқы, қарамал және құс еттерін сүрлеп, тұтынушыларға ұсынуда.
СНХ:ЖАМБЫЛ ҚАЙЫРОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
СНХ:ВИКТОРИЯ ИВАНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Айта кеткен жөн, жеңімпаз жобаларға орталық аппараттың маркетологтары сүйемелдеу көрсетпек. Олар өнім дизайнын, қаптамасын жетілдірумен қатар, бренд қалыптастыру және оны нарыққа шығарудың тиімді жолдарын ұсынатын болады.