Отбасы күніне орай Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте «Салауатты отбасы – болашақтың тірегі» атты спорттық іс-шара өтті. Жарысқа 4 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. 

Іс-шараның басты мақсаты – балалар мен ата-аналардың бірлескен спорттық жаттығуларға қызығушылығын арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, ойындар мен жарыстар арқылы саламатты өмір салтын насихаттау.

СНХ:АНАР МҰХАМЕТҒАЛИЕВА «С.СӘДУАҚАСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ ДИРЕТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ


Жарыс спорттық эстафета түрінде ұйымдастырылып, оған 4-сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Қатысушылар түрлі эстафеталарда шапшаңдық пен ептілікке, сондай-ақ ұйымшылдыққа бағытталған сайыстарда бақ сынасты. Әсіресе, командалық өзара әрекет пен бір-бірін қолдау ерекше назарда болды.

СНХ:ДАНИЛ ВЕЙС 4 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ


СНХ:АРМАН ӘУБӘКІРОВ, АТА-АНА


Іс-шара барысында қатысушылар отбасының саулығы мен бірлігі өскелең ұрпақты тәрбиелеумен тікелей байланысты екенін көрсетті. Отбасылардың спорттық жарыстарға қатысуы арқылы саламатты өмір салты – мықты, белсенді әрі табысты ұрпақ тәрбиелеудің негізі екендігі айқындалды.