«Отбасы — адам өміріндегі басты құндылық. Облыс орталығында Халықаралық отбасы күніне орай ерекше форматтағы байқау ұйымдастырылды. Мұнда балалар ата-аналарымен бірге өнер көрсетіп, шеберліктерін ортаға салды.
Іс-шараға төрт отбасы қатысты. Олардың қатарында көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар да бар. Әр отбасы өз өнерін көрсетіп қана қоймай, үй тапсырмасы ретінде тағам әзірлеп әкелді.
СНХ:ДАМИР АБДИН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Әр отбасы шығармашылықпен көзге түсуге тырысты. Бірі ұлттық тағаммен ерекшеленсе, енді бірі қолдан тіккен алжапқышымен көрерменнің ықыласына бөленді. Байқауға қатысып отырғандардың бірі — Әйгерім Көшкімбаева. Ол – 5 баланың анасы, қазіргі таңда бала күтімімен үйде отырған ардақты жан. Бұл іс-шараға 4 баласын ертіп келген ана үшін отбасымен бірге уақыт өткізу – үлкен қуаныш. Байқау олар үшін ерекше әсер мен ұмытылмас сәттерге толы болды.
СНХ:ӘЙГЕРІМ КӨШКІМБАЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.