Жерлесіміз, композитор Давид Литвинов француз кинофестивалінде «Үздік композитор» номинациясының үздік бестігіне кірді. Композитор бастапқыда «Виктория» фильмінің музыкасын басқа байқауға қатысу үшін дайындаған. Алайда, қысқаметражды фильм Канн кинофестивалінде жоғары бағаланған.


 Давид Литвинов 10 жылдан астам уақыт Н.Погодин атындағы орыс драма театрының қойылымдарына музыка жазып келеді. Ресейлік театрлармен де тығыз ынтымақтастықта. «Қаракөз» сахналық қойылымына да қатысқан. Ол этникалық аспаптардан коллекция жинағанды ұнатады. Енді жерлес композитордың еңбегі Канн фестивалінде еленді.


 Дәл осы туындымен жерлес композитордың жолы болған. Төрт минуттық қысқа фильм бастапқыда басқа байқау үшін түсірілген. Бұл туындының жарыққа шығуына композитордың небәрі 48 сағаты кеткен.


ДАВИД ЛИТВИНОВ, КОМПОЗИТОР:

-  Біз режиссер Александр Шингуров екеуміз басқа да фестивальдерге жібермекші болдық. Бірақ негізгі мақсат, Cannes Shorts байқауында бақ сынап көру еді. Бастапқыда жәй ғана жалпы конкурстық бағдарламаға түсеміз деп ойладық. Бірақ, мұндай көлемді фестивальде номинацияға ие болу біз үшін күтпеген жайт. Себебі, бұл байқауға 30дан астам ел қатысады. Бәсекелестік те жоғары. Бұл фильм жеңіс туралы. Режиссер бұл туындыны дәл осындай сюжетте түсіргісі келді.


Енді жерлес композиторлардың болашаққа жоспарлары ауқымды. Олар киноиндустрия саласындағы әріптестеріммен келісімге отырып, бұл бағытта жұмыстарын ары қарай жалғастырмақ.