Облыс алқаптарында қар тоқтату жұмыстары қарқын алды. Агротехникалық шараны «Мамбетов и К» командиттік серіктестігі де қолға алған. Мамлют ауданында орналасқан серіктестікке арна тілшілері барып қайтты. Әріптесім Әміре Ақбатай толықтырады.


 Өсімдік шаруашылығында қуаңшылықпен күрестің бір жолы – қар тоқтату жұмысын жүргізу. Биыл қардың аздығынан, жердің құнарлығын арттыру үшін бірқатар шаруашылықтар аталған агротехникалық шараны қолға алған. Солардың қатарында Мамлют ауданында орналасқан «Мамбетов и К» командиттік серіктестігі де бар. Бұл серіктестікке тиесілі 27 мың гектар жер бар. Шаруашылық оның тек 10 мың гектарына ғана қар тоқтату жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Негізінен - бидай мен майлы дәнді дақылдар егілетін алқапқа басымдық беріледі.


 АЙДЫН НҰРҒАЛИЕВ, «МӘМБЕТОВ И К» КС БАС АГРОНОМЫ:

- «Ең упорды бидайға және семиналарға береміз . Біз өзіміз семинной хозяйство болғаннан кейін. Және майлы дақылдарға екпін береміз. Олар 5 мың гектарды құрайды.  Қар тоқтату жұмыстар уже 3 күн жұмыс істеп жатыр. Алдымызда 10 мың гектар жерге қар тоқтатамыз деген жоспарымыз бар.»


Серіктестікте қар тоқтатумен 4 техника айналысып жатыр. Қар тоқтату жұмысы, бас агроном Айдын Нұрғалиевтің айтуынша, қаржылай тиімсіз. Бүгінде дизель отынының бағасы шарықтаған. Сонымен қатар бұл жұмыстарды жүргізу үшін қардың қалыңдығы кем дегенде 12 см болу керек.


АЙДЫН НҰРҒАЛИЕВ , «МӘМБЕТОВ И К» КС БАС АГРОНОМЫ:

-  «Қар тоқтату өте маңызды. Қазір біз өзіміз ноутил технологиясымен ақырын ақырын үйреніп келе жатырмыз. Біз жер жыртпаймыз. Сеооборот деген културалардың орнын ауысытырып еге бастаймыз. Оған дейін бізге қар тоқтату жұмыстары керек. Және құрғақшылық та болуы мүмкін. Ол да өнімділікке әсер етеді. Қар тоқтату арқылы жерді құнарлы етіп алуға болады.»


 Қар тоқтату жұмыстары ақпан айының ортасына дейін жалғасады. Былтыр серіктестік диқандары әр гектардан 20 центнер өнім алды. Шаруашылықтарға да мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Былтыр шаруашылық диқандары өсімдік шаруашылығына 320 млн теңге субсидия алды.



Әміре Ақбатай