Петропавлда Qyzyljar Creative Center базасында кәсіпкерлерді, шағын және орта бизнес өкілдерін, стартап - қоғамдастықты және түрлі салалардың сарапшыларының басын біріктірген BUSINESS UPGRADE атты іскерлік форум- өтті. Оған қатысушылар цифрлық экономика жағдайында бизнесті дамыту мен масштабтаудың негізгі мәселелерін талқылап, сондай-ақ өз жобаларын ұсынуға және жаңа серіктестер табуға мүмкіндік алды. 


Форум жұмысының алғашқы минуттарынан бастап қонақтар Business Expo - көрме аймағының атмосферасына еніп, бизнесті дамытудағы шешімін күткен мәселелер жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Мамандардан кеңес алып, жаңа қызметтермен танысып, жаңа серіктестер табу мүмкіндіктеріне де ие болды. Көрмеге қатысушылардың арасында дизайнер Айжан Колчина да бар. Ұлттық стильдегі киім сонымен қатар ол ұжымдық форма үлгісін жасап тігуді де қолға алған. Қазірдің еліміздің бірқатар қалаларындағы клиенттерімен жұмыс істейді.


СНХ: АЙЖАН КОЛЧИНА-ДИЗАЙНЕР 


BUSINESS UPGRADE атты іскерлік форум бір алаңда кәсіпкерлерді, қаржы секторының өкілдерін, маркетингтік агенттіктерді, IT-компанияларды, стартаптар мен сарапшыларды біріктірді. Басты назарда даму, өрісті кеңейті және қазіргі экономикалық жағдайларға бейімделу.


СНХ: НҰРГҮЛ БУЛАТОВА-КРЕАТИВ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ 


Бағдарламаның басты оқиғасы business TALK - жеке бренд, маркетинг, цифрлық технологиялар және салық саласындағы сарапшылармен ашық диалог болды. Спикерлер кәсіпкерлерге бизнестің тиімділігін арттыруға және жаңа клиенттерді тартуға көмектесетін практикалық жағдайлар мен бөлісіп, бизнестегі жеке философияның маңыздылығы аталып өтілді. Форумға 150-ге жуық адам қатысты.