Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана базасында «Зерделі ұлт – Қазақстанның болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында ұйымдастырылды. Жиына халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, ұлттық әдебиетті насихаттау жөнінде келелі ойлар қозғалып, кітаптың қоғамның зияткерлік әрі рухани дамуына қосатын үлесін күшейту мәселелерін талқылады.


Конференция жұмысына кітапхана саласының мамандары, білім беру ұйымдарының өкілдері, жазушылар мен журналистер қатысты. Кездесу барысында кітап оқуды насихаттаудың заманауи тәсілдері, оқырмандық мәдениетті қалыптастырудағы отбасы, мектеп және қоғамдық институттардың өзара іс-қимылы, сондай-ақ халықтың сапалы ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін кеңейту жолдары қарастырылды.


СНХ: КИРИЛЛ ФИЛОНОВ– ЖАЗУШЫ 


Іс-шараға қатысушылар тұрақты кітап оқу дағдысы мен үздіксіз білім алуға деген қажеттілікті қалыптастырудағы отбасының, мектептің, кітапханалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және цифрлық технологиялардың рөлін талқылады.


СНХ: КИРИЛЛ ФИЛОНОВ– ЖАЗУШЫ


Ұйымдастырушылардың пікірінше, оқитын ұлт қалыптастыру – қоғамның зияткерлік және мәдени дамуына бастайтын маңызды қадам.