Петропавлда «Ботай. Ғайып ғалам» атты шытырман оқиғалы фильмнің түсірілімі жалғасуда. Бұл жолы түсірілім тобы Володарский көшесінде орналасқан көпес Шулеповтың тарихи үйінде жұмыс істеп жатыр. Туындының ең маңызды көріністерінің бірі дәл осы жерде өрбиді. Сюжет бойынша басты кейіпкерлер ескі зәулім үйге жасырын кіріп, бүкіл хикаяға арқау болған құнды жәдігерді қолға түсіруге әрекеттенеді. Олардың бұл ойы іске аса ма, жоқ па көрермендер фильм экранға шыққанда біле алады. Қауіпті трюктерді орындау түсірілім процесін барынша күрделендіре түскен. Сондай көріністердің бірінде актер Вячеслав Никифоров ешқандай сақтандырғышсыз атақты «Нұрмамбетов ілмегі» трюгін жасайды. Картина авторларының айтуынша, бұл эпизод фильмдегі ең әсерлі әрі тартысты сәттердің біріне айналмақ.


СНХ: ЕРКЕБУЛАН ӘЛІМЖАНОВ, РЕДАКТОР-СЦЕНАРИСТ