Тәртіп орнатып, түйткілді мәселелерді шешкен тәртіп сақшысы. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ауылдық учаскелік инспектордың бір күндік қызметі туралы арнайы репортаж дайындады.
СНХ: Шырайлым Омарова — Лебяжье ауылдық округінің әкімі
Лебяжье ауылдық округінің әкімі полицияның аға лейтенанты Айбек Сәрсенбаевтың жұмысына осылай баға береді. Округ құрамына Лебяжье және Құралай ауылдары кіреді. Халық саны — 543 адам. Екі ауыл мектебінде 34 бала білім алады. Айбек бұл округке бір жарым жыл бұрын тағайындалған.
СНХ: Асан Мейрамов — Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің бастығы
Айбек учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметін атқарады. Алайда қазіргі таңда бүкіл округке жалғыз өзі қызмет көрсетеді. Тұрғындардың пікірінше, ол өз міндетін өте жақсы атқарып жүр. Өткен жылы ауданның барлық он жеті ауылдық округінде орнатылған бейнебақылау камералары да үлкен көмек болды.
СНХ: Айбек Сәрсенбаев — Лебяжье ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі
Айбек ауылдың әр тұрғынын жақсы таниды қолы қал етсе әрқайссымен әңгімеледседі. Балаларға жол қауіпсіздігін еске салса, ауыл дүкеніне келгендерге интернет-алаяқтардың айласын түсіндіреді. Ал мас күйіндегі тұрғындарға ішімдіктен аулақ болуды ескертеді.
Айбек жалғыз тұратын қарттардың жағдайын да міндетті түрде тексереді. Солардың бірі — 82 жастағы Елена Васильевна.
Көршілес Құралай ауылында отбасылық жанжалдар мәселесі іс жүзінде шешілген. Өткен жылдан бері бұл ауыл ішімдіктен бас тартқан елді мекендер қатарына қосылды. Құралай орта мектебінде қазір тыныштық — 23 оқушы жазғы демалыста. Соған қарамастан Айбек бұл жерді де назардан тыс қалдырмайды: бейнекамералардың жұмысын тексеріп, педагогтермен интернет-алаяқтықтың алдын алу жөнінде әңгіме өткізеді.