Былтыр өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі 12,2 пайызға, өнеркәсіп өндірісі 4, ал құрылыс жұмыстары 10,8 пайызға өскен. Бұл туралы облыстық статистика департаменті хабарлады. Мамандардың мәліметінше, өңірдегі сауда көлемі де едәуір ұлғайған. Жалпы өткен жылы облыстың экономикалық даму көрсеткіші қандай болды? Келесі бейнематериалға назар аударайық.


 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 366 млрд теңгені құраған. Оған ауыл, орман және балық шаруашылықтары, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, көлік өнеркәсібі жатқызылады. 2021 жылмен салыстырғанда негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 3,6 пайызға өскен.


ЖҰЛДЫЗ НҰРҒАЛИЕВА, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 2022 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-жклтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің көлемі бір де оннан бір трлн. Теңгені құрады. Мал мен құстың барлық түрлері тірідей салмақта союға 111 мың тонна өткізілді. Сиыр сүті 648мың тонна сауылды, тауық жұмыртқасы 706 млн дана алынды.


Былтыр өнеркәсіп өндірісі қолданыстағы бағада 489,7 млрд теңгені, кен өндеу 16 млрд, өңдеу өнеркәсібі 401 млрд теңгені құраған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша тамақ өндірісі 7 пайызға артқан. Соның ішінде, ет және тағамдық өнімдер 49,7 пайызға, ұн 4,3 пайызға, жармалар 32 процентке артық өндірілген. Былтыр облыстағы құрылыс жұмыстарында да айтарлықтай көрсеткіш бар.


- Құрылыс жұмыстарының көлемі 122,5 млрд теңгеге орындалған. Құрылыс жұмыстарының көлемінде барынша жоғары үлес салмақты тұрғын ғимараттар құрылысы алады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 300мың шаршы метрді құрады.


Былтыр облыстағы бөлшек сауда көлемі 324,6 млрдты,ал көтерме сауда 493,8 млрд теңгені құраҒАН. Сонымен қатар, статистика департаменінің берген алдын-ала мәліметтері бойынша 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда көлемі 523 млн АҚШ долларын құраған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық. Соның ішінде экспорт- 96,6 млн, импорт 426,1 млн АҚШ долларын құрап отыр.


Жансая Қайыпова