Қазақ тарихында даналық болмысымен танылған Айғаным Сарғалдаққызының туғанына биыл - 240 жыл. Айғаным қазаққа Шоқандай ғалымды тәрбиелеген тәлімді әже ретінде ғана емес, Уәли ханның қазасынан кейін ел басқару ісін өз қолына алған саясаткер ретінде жақсы таныс.


 Осы орайда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Шығыстың дара қызы – Айғаным» атты телекөпір өтті. Шоқан Уәлихановтың деректеріне сүйенсек, оның ғалым болып қалыптасуында әжесі Айғанымның әсері көп болған. Ол бірнеше шығыс тілін меңгерген, халық алдында ерекше беделге ие болған. Ресей императоры Александр 1 Айғанымның өтініші бойынша қазақ жерінде қорған, үлкен үй , мешіт , 5 бөлмелі мектеп үйі мен тағы да басқа нысандар тұрғызған. Эфир барысында Айғанымның қазақ қоғамына қосқан үлесі мен ұрпақ тәрбиелеу жолы кеңірек сөз етілді.


ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА , ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- «Айғаным бірнеше тілді меңгерген, еуропаша білім алған, сондай ақылды, дана әйел болған екен. Әкесі Сарғалдақ та , атасы Мәлімқожа да өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарынан болған.Әкесі ұлдарын ғана емес, қыздарының біліміне де айырықша мән берген. Айғаным әкесінен араб, шағатай, парсы тілің үйреніп, шығыс ойшылдарының шығармаларын оқыған. Кейін орыс, француз тілдерін жетік білген. Ол ғылымының маңызын жақсы түсінген. Бұл бала Шоқанды жастайынан оқуға беріп, оның ғалым қалыптасуында басты рөл ойнады.»