Ел көлемінде Жаңа Конституция жобасын талқылау жұмыстары жалғасуда. Осы ретте Петропавл электротехникалық зауытында коалиция мүшелерінің қатысуымен Жаңа Конституция жобасы талқыланды. Талқылауға 30-ға жуық маман қатысып, пікір алмасты.
Ағымдағы айдың 16–21 күндері аралығында Парламент Мәжілісінің депутаттары өңірлерге шығып, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кезекті кездесу «Алагеум» электротехникалық зауытында өтті. Жиын барысында заң жобасының мазмұны кеңінен таныстырылып, ел егемендігі, азаматтардың құқықтары мен өзге де өзекті бағыттардың маңызы айтылды.
АЯН ЗЕЙНУЛЛИН, «ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН» КОАЛИЦИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ
Кездесу барысында зауыт қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді. Олардың айтуынша, жаңа заң жобасы ел дамуына серпін береді. Ұжым өкілдері референдумда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасайтындарын жеткізді.
РАМАЗАН БАТЫРОВ, ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ТРАНСФОРМАТОР ҚҰРАУШЫСЫ
Айта кетейік, республикалық референдум 15 наурызда өтеді. Жалпыхалықтық дауыс беру – ел болашағын айқындайтын маңызды қадам.