№8 орта жалпы білім беретін мектеп-кешенінде Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Жиынға «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін» коалициясы филиалының мүшесі Болат Қожахметов қатысып, педагогтерге қолданыстағы Конституцияның мемлекет қалыптастыру кезеңіндегі маңызы мен жаңа заң жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Кездесу барысында Болат Қожахметов Жаңа Конституция жобасында адам капиталын дамытуға айрықша мән берілгенін атап өтті. Сонымен қатар, құжатта білім мен мәдениетті өркендету арқылы елдің әлеуетін арттыру көзделгені айтылды. Жиында «Әділетті Қазақстан», «заң мен тәртіп» қағидаттары, саяси жүйедегі жаңартулар, Парламенттің құрылымы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормалар кеңінен түсіндірілді. Негізгі назар жобада қарастырылған нақты өзгерістерге аударылды.

БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, «ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН» КОАЛИЦИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ

Жаңа Конституция жобасында жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне назар аударылған. Бұл бағыттың білім беру саласы мен қоғамдық үдерістердегі орны туралы айтылды. Тарих пәнінің мұғалімі Абылайхан Есенбаевтың айтуынша, референдумға қатысып, белсенділік таныту – азаматтар үшін де ел үшін де маңызды қадам.

АБЫЛАЙХАН ЕСЕНБАЕВ, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Осылайша, жаңа заң жобасы қоғам талқысына ұсынылып отыр. Ал түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады.