А.Байтұрсынұлы атындағы №9 мектеп қабырғасында «Urpaq» қазақ мәдени- ағарту орталығының жобасы бойынша «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлт тәрбиесіндегі өнеге» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қоғам қайраткерінің қазақ халқына сіңірген еңбегін насихаттау.

Дөңгелек үстел Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін насихаттауға арналды. Ол қазақ халқының ұлттық санасын оятып, тілін, әліпбиін реформалау және ағартушылық бағыттағы еңбектері арқылы ұлт болашағы үшін орасан зор үлес қосқан «Ұлт ұстазы». Оның идеялары бүгінгі Қазақстан Республикасының Конституциясы қағидаларымен үндеседі. Іс-шарада оқушыларға заңды білу, тәртіп сақтау және елге адал қызмет етудің маңызы түсіндірілді.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «URPAQ» ҚАЗАҚ МӘДЕНИ- АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

Аталмыш мектепте 100-ден астам педагог қызмет атқарады, 1500 оқушы білім алады, ал оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі түрде іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.

НАДЕЖДА ДИЗЕНДОР, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №9 МЕКТЕПТІҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Сондай-ақ, жиын соңында орталық дәстүрлі түрде «Мықты отбасы» номинациясы бойынша тәрбиелі, саналы балалар өсірген үздік ата-аналарды марапаттады.