Жаңа Конституциялық жоба еліміздің саяси және құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам. Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен, Парламенттің бірпалаталы моделіне көшу қажеттілігін ескере отырып жүргізілді. Жоба негізінде әділеттілік, заң мен тәртіп, сондай-ақ табиғатқа жауапкершілік қағидалары бекітілмек.

Сонымен қатар білім, ғылым, мәдениет пен инновацияға басымдық беру – заманауи мемлекеттің дамуының басты бағыты ретінде көрсетілген. Конституцияның басты қағидасы – адам. Оның қадір-қасиеті, құқықтары мен жеке жауапкершілігі қорғауға алынған. Дәстүр, бірлік пен рухани құндылықтар қоғамның орнықты дамуының негізі ретінде танылған. Құжат мемлекеттің зайырлы сипатын, сондай-ақ некенің ер мен әйелдің тең құқықты, ерікті одағы ретінде танылуын айқын түрде бекітеді.

АРТУР АЛДАМҰРАТОВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ РЕЖИССЕРІ