«Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Nord Panels» компаниясының жұмысы теріскейдің әсем табиғатына көрік беріп тұрған, ақ қайың ағашынан фанер шығаруға бағытталған. Іске қосылғандарына көп уақыт болмаса да алпауыт кәсіпорын шығарып жатқан бұл өнім түрлері бүгінде еуропаның бірқатар мемлекеттеріне жақсы таныс. Себебі Солтүстік Қазақстанда жасалған фанерге негізгі тапсырыс берушілер де солар, яғни шет елдіктер. Жалпы зауыт қалай құрылды? Қандай өнім шығарады?
Солтүстік Қазақстан – сайын дала мен сыңсыған орман тоғысқан өңір. Табиғаттың өзі аймағымызға мол мүмкіндік сыйлаған. Ал оны ұтымды пайдалану – уақыт талабы. Осы тұрғыда «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында 2024 жылы өз жұмысын бастаған Nord Panels» компаниясы бүгінде отандық өндірістің өркендеуіне тың серпін беріп отыр. Кәсіпорынның дамуына құйылған инвестиция көлемі 12,5 миллиард теңгеден асады. Жұмыстары құрылысқа қажетті фанер шығару.
Рустам Ғаббасов – серіктестік басшысы /Ф1199. 0015: шығарылатын фанер өнімі жылтыратып тегістелген, және ламинатталған болып екіге бөлінеді. Олардың түрлері мен қалыңдықтары сан алуан. Дайын өнім 6 миллиметрден 30 миллиметрге дейінгі қалыңдықта шығарылады. Ол тапсырыс берушінің сұрауына байланысты/
Жалпы кәсіпорын өз жұмысын 2021 жылы «Солтүстік Фанер Комбинаты» деген атаумен фанер өндіруден бастаған. Құрылысқа, көлік саласына және жиһаз өндірісіне қажетті фанер шығару кәсіпорынның алғашқы бағыты болды. Кейін компания ауқымды жоспар құрып заманауи жаңа зауыт салды. Осылайша 2024 жылы іске қосылған жаңа кәсіпорын бүгінде жылына 50 мың текше метрге дейін фанер өндіреді. Бұл – өңір экономикасы үшін айтарлықтай көрсеткіш.
Рустам Ғаббасов – серіктестік басшысы
Өндіріс көлемі артқан сайын ағаш қалдықтары да көбейе түседі. Кәсіпорын бұл мәселенінің де түбегейлі шешімін тапуып қалдықсыз жұмыс істеу үрдісіне көшкен.
Рустам Ғаббасов – серіктестік басшысы
Кәсіпорын мұнымен тоқтап қалмады. Нарықты зерттей келе, кірпіш секілді құрылыс материалдарын тиеуге арналған ағаш поддондарға сұраныс жоғары екенін анықтап, қазір жаңа өндіріс цехын іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құны 700 миллион теңгеден асатын қондырғыны орнату аяқталысымен таяу арада жаңа нысан іске қосылмақ. Жоспар жылына 1 миллион паддон шығару. Жаңа цех тағы қосымша 50 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі күні аталмыш зауыттағы еңбеккерлер саны 300. Орташа айлық 350 мың теңге «Солтүстік Қазақстанда жасалған» деген брендтпен шығарылатын зауыт өнімдерінің еуропаға экспортталуы өңір мақтанышы десек қателеспесіміз анық.