Жаңа конституцияға енгізілген нормалар болашаққа деген сенімді арттырып, мемлекетіміздің тұрақты әрі жүйелі дамуына серпін береді. Жаңа Конституция жобасының преамбуласы мен бірінші бабында мемлекеттің негізгі құндылықтар бағдарлары айқындалған. Соның ішінде «Заң және тәртіп» қағидаты басты идеологиялық ұстаным ретінде бекітілген.
Есіл ауданының тұрғындары Конституцияның жаңа жобасын қолдайды. Олар адвокатура институтын дамыту мен құқық қорғау тетіктерін күшейтудің маңыздылығын атап өтуде. Бұл өзгерістер құқықтық жүйенің, соның ішінде сот жүйесінің ашықтығын арттырып, әділ әрі адам құқықтарына бағытталған болуына ықпал етеді.
НАТАЛЬЯ БАЛЮК – ОБЛЫСТЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ АДВОКАТЫ