Жаңа Конституцияның басты мақсаты – әділ, құқықтық және демократиялық мемлекет құру. Бұл құжатта адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқын белгіленген. Әр азаматтың өз пікірін еркін білдіруіне, заң алдында тең болуына ерекше мән берілген. Бұл – заманауи қоғам үшін аса маңызды әрі тарихи қадам.
Сонымен қатар, Конституция жобасында билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығайтылды. Бұл өзгерістер халықтың ел басқару ісіне белсенді араласуына кең жол ашады. Жаңа Конституцияда жер мен табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты жазылды. Бұл ұлттық байлықтың ел игілігі үшін әділ пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
МҰРАТ ЕСТАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ