М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттермен кездесу өтті. Мақсат жастарды Конституцияның жаңа жобасымен таныстыру. Іс-шара ерекше форматта өтті. Ассамблея жастары тарих экономика және құқық факультетімен бірлесіп викторина өткізді.
Викторина барысында жастарға алдымен жаңа Конституция жобасы туралы, онда қандай өзгерістер болатыны және Конституция қабылданған жағдайда қандай жаңалықтар енгізілетіні жөнінде ақпарат берілді. Жасы 18-ден асқан әрбір тұрғын дауыс беру арқылы елдің болашағына тікелей ықпал ете алады. Сондықтан түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.
ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ СҚОФ ЖЕТЕКШІСІ
Конституцияның жаңа жобасы бүгінде кеңінен талқыланып жатыр. Жобаға енгізілген өзгерістер мен жаңа нормалар жастардың құқығы, білім алуы және азаматтық белсенділігі үшін маңызды. Сондықтан студенттердің Конституцияны тереңірек оқып, болашақ референдумда саналы таңдау жасауы елдің демократиялық дамуына өз үлесін қосу болып табылады.
ШЫНАР РАМАЗАНОВА, ТАРИХ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ ДЕКАНЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Қазақстан Конституциясының жаңа жобасы қоғамның сұранысына сай бірқатар маңызды өзгерістерді қамтиды. Онда азаматтардың құқығын қорғау тетіктері күшейтіліп, білім беру, әлеуметтік қолдау және мемлекеттік басқару салаларында жаңа нормалар ұсынылған.