Петропавлдағы ботаникалық бақта өнім жинау кезеңі жақындап қалды. Қатал климатқа қарамастан, мұнда тропикалық өсімдіктер жайқалып өсіп тұр. Арнайы жылыжайларда қажетті температура мен ылғалдылық сақталады. Осындай күтімнің арқасында биыл банан ағашы жеміс берді.
Банан Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық және Үнді мұхиттарының аралдары, сондай-ақ Аустралияның солтүстігі мен шығысында кең таралған. Жылы жақта өсетін жидектің суық аймақ Солтүстік Қазақстанда жеміс беруі таңғаларлық құбылыс. Ең қызығы, ол кейінгі он жылдан бері алғаш рет өнім беріп отыр.
ЕКАТЕРИНА ЧЕРЕПОВСКАЯ, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Жылыжайда екі мыңға жуық тропикалық және субтропикалық өсімдік түрі өсіріледі. Соның бірі – лимон ағашы. Экзотикалық ағаштарды жерсіндіру үшін ерекше күтім қажет. Бағбандар оларды аптасына бір рет суарып, бақылауда ұстайды. Қыс мезгілінде де ғимарат ішіндегі температура +25 градус болуға тиіс.
ЕКАТЕРИНА ЧЕРЕПОВСКАЯ, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Өсімдік Мексика мен Орталық Америкада кең таралған. Сондай-ақ Үндістан мен Аустралияда да кездеседі. Ол Қызылжар өңіріне 1912 жылы лавр ағаштары және пальмалармен бірге алғаш рет әкелінген.
АННА ЛЯШЕНКО, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Солтүстіктегі ірі ботаникалық бақтың тарихы тереңде. Мұнда алғашқы ағаштар мен өсімдіктердің егілгеніне жүз жылдан асқан. Алты жыл бұрын бақ толық жаңғыртудан өтіп, заманауи келбетке ие болды.