Жаңа Конституция жобасы жарияланып, ресми түрде қоғамға таныстырылды. Ол азаматтардың, сарапшылардың, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың ұсыныстарын ескере отырып, бірнеше айға созылған жұмыстың нәтижесінде Конституциялық комиссия мүшелері әзірледі. Құжатта елдің құндылықтары мен даму бағдарын айқындайтын жаңартылған преамбула қамтылған және құрылымдық тұрғыдан негізгі қағидаттарды белгілейтін бірнеше бөлімнен тұрады.
Жалпы алғанда, жаңа Конституцияның мазмұны адамға бағдарланған. Ол заманауи қоғамдық құндылықтарды, мемлекеттік қағидаттарды көрсетеді және саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа Конституция мәтінінің негізгі ерекшелігі – адам құқықтарына басымдық берілуінде. Атап айтқанда, адамның құқықтары мен бостандықтары тек жаңа Преамбулада ғана емес, сонымен бірге толықтай Конституцияның маңызды басымдықтары мен мәндік тірегіне айналды.
АЛЕКСАНДРА СЕРГИЕНКО, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ӘДІСКЕРІ