Бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім – Конституцияның жаңа жобасында Қазақстан мемлекеттілігінің берік негізі ретінде айқындалған. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері алдағы референдум идеясын қолдап отыр.

Жобаның Кіріспе бөлімінде, мыңжылдық тарихы бар Ұлы Дала дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау туралы сөздерден басталатын тұсында, елдегі этностар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту басты идея ретінде көрініс тапқан.

ИРОИДА МАЛИКОВА – «ЗВОНИЦА» ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КУРАТОРЫ, ЕСІЛ АУДАНЫ