Қарағанды қаласында қарашаның 29 мен желтоқсанның 2-сі аралығында Олимпиада ойындарының Чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған бокстан Х ашық Республикалық турнирі өтті.Аталмаш додада өңір намысын 8 спортшы қорғап,жүлделі оралды.Сюжетке назар аударайық


 Турнирге Қарағанды,Ұлытау,Түркістан,Маңғыстау облыстарынан,және көршілес жатқан Қырғыстан,Тәджікістан,Өзбекістан елдерінен келген 137 жас спортшы өнер көрсетті.


АЗАТ ЕЛУБАЕВ,БАПКЕР:

 – Вэл Баркер кубогінің иегері Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған Х ашық Республикалық турнирде 8 спортшымыз бақ сынаған болатын.Шәкірттерім өздеріне қойылған барлық нұсқауларды тамаша орындап шықты,нәтижесінде өңірге жүлделі оралдық.


Турнир қорытындысы бойынша,жергілікті спортшыларымыз командалық есепте 1 алтын медальмен, 2 қола медаль еншіледі. 48 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз Руслан Джемалединов алтыннан алқа тағынды.Ал 46 салмақ та Кирилл Алексеев пен 60 салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Елжас Жайнақ қола медальді місе тұтты.


РУСЛАН ДЖЕМАЛЕДИНОВ,СПОРТШЫ:

 – Алғашқы кездесуімді Маңғыстаулық спортшыға қарсы өткіздім,жекпе-жек қиынға түскенімен жеңіске жетті.Ал финалдық кезеңде Тәжік боксшысымен жұдырықтастым,қарсыласымның дайындығы жақсы екендігі рингте қатты көрінді. Мен бапкерім айтқан тапсырмаларды бұлжытпай орындауға тырыстым осының арқасында чемпион атанып отырмын.


Айта кетейік, Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған ашық Республикалық турнирі осымен оныншы рет өткізіліп отыр.