Ер есімі, ел есінде. Өткен демалыс күндері Петропавлда даңқты жерлесіміз Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған қоян-қолтық жекпе-жектен турнир өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан академиясының 70 курсанты өз араларында мықтыны анықтады. Толығырақ жарысқа куә болып қайтқан тілшіміз тарқатсын.


Бұл суреттерде ел мақтанышы Азамат Нүрпейісов бейнеленген. Петропавлдың тумасы, Ұлттық Ұланның сапында қызмет атқарып, кикбоксингтен талай жарыстарда ел намысын қолдан жібермеген чемпионды небәрі 27 жасында ауыр кесел ортамыздан алып кетті. Бірақ ол туралы естеліктер өшкен емес.


 ЕРІК НҮРПЕЙІСОВ, А. НҮРПЕЙІСОВТІҢ ӘКЕСІ:

- Менің балам 6 жылдан асып кетті. Сонда да еске алып жүрміз. Бірақ аты аталып келеді. Соның айғағы міне осындай жарыстар. Мен соған ризамын.


Жасындай жарқ еткен чемпионның құрметіне 2016 жылдан бері аталмыш турнир өткізіліп келеді. Қазір алаңда 88 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар өз араларында мықтыны анықтауда. Қарсыластар осал емес. Десе де, Төребек Мүслімовтың асығы алшысынан түсіп, ол жеңісті жұлып әкетті.


ТӨРЕБЕК МҮСЛІМОВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 4 КУРС КУРСАНТЫ:

- Қарсыласым оңай болды деп айта алмаймын. Ол да 4 курста, күреспен айналысқан. Әр жылы кездесіп отырамыз. Бірақ бүгін жеңіс менікі болды.


Жалпы турнирге 8 салмақ дәрежесі бойынша 70-ке жуық курсант қатысты.


ЕРЛАН БАЙЫМБЕТОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

-  Жарыстар Азаматтың құрметіне және өзіміздің Академияның құрамас командасына іріктеу жарысы. 1-ші, 2-ші орын алған курсанттарымыщз оқу-жаттығу жиынына қатысады. Және ҚР ҰҰ чемпионытына қатысады. Ол сәуір айында Шымкент қаласында өтеді.


 Жарыс қортындысы бойынша 8 жеңімпаз анықталды. Ал арнайы сыйлық курсант Ғаламат Маратқа бұйырды.