Мамлют ауданында ауылдарды дамыту және абаттандыру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 26 меморандум жасалды. Биыл ауданда салынған сумен жабдықтау жүйесін іске қосу жоспарлануда. Мобильді кең жолақты интернетті жүргізу бойынша да жұмыстар жүргізіліп, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу да ойда бар. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әкім - Владислав Лукин баяндады.


Мамлют ауданында 38 елді мекеннің 16-сы ғана сумен қамтамасыз етілген. Покровка ауылында су құбырын тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Леденево, Бексейіт, Бике, Қызыласкер ауылдарында сумен жабдықтау жүйелерін салу бойынша мердігерлік ұйымдар әзірленіп, айқындалды. Аудан бойынша автомобиль жолдарының желісі жалпы 408 км құрайды. Солтүстік Қазақстан облысын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру басталғаннан бері 208 км жол жөнделген.


ВЛАДИСЛАВ ЛУКИН, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Аудан дамуының негізгі бағыты - аграрлық сектор болып табылады. Осы жылы біз егін жинау науқанын жақсы нәтижелермен аяқтадық. Егін шығымдылығы гектарына 20 центнерді құрайды. Сондай-ақ, сүт-тауар фермаларын салу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, келесі жылы "Әйтеке Би СК" ЖШС базасындағы Калугино ауылында 600 басқа арналған сүт-тауар фермасын іске қосу жоспарланған. Жобалық қуаты жылына - 2700 тонна сүт. Қазірдің өзінде, мал шаруашылығы үй-жайлары мен сауын залы салынды, 612 бас симментал әкелінді.


Аудан аумағында "Сапа Инвест Плюс" ЖШС ағаш-жоңқа тақталарын өндіру бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда. Жобаның құны-1,5 млрд. теңге. 40 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.


 ВЛАДИСЛАВ ЛУКИН, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ауданда 23 білім беру мекемесі жұмыс істейді. 9 мектеп жөнделді. Дубровное, Михайловка, Минкесер, Покровка, Қызыласкер ауылдарындағы, Мамлют №1 мектеп-гимназиясы мен Мамлютка қалалық өнер мектептерін жөндеуге әзірленген жобалар бойынша білім басқармасына өтінімдер жіберілді. 2019-2022 жылдар аралығында білім беру ұйымдарында 4 интерактивті кабинет сатып алынды.


Осы жылдың 11 айында қылмыстар саны – 31% - ға төмендеген. Қоғамдық орындардағы қылмыс - 67% - ға , медициналық ұйымдардың жабдықталуы 25% - ға өсті. Бір жыл ішінде ауданда 1211 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, 374 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.