Айыртау ауданының еңбек ардагерлеріне танымдық экскурсия ұйымдастырылды
Қарттарды қолдау айлығы аясында Айыртау ауданының еңбек ардагерлеріне Петропавл қаласына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Сапардың мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, мазмұнды демалыс ұйымдастыру. Бағдарлама аясында ардагерлер қаланың тарихи-мәдени орындарын аралады.
Экскурсия барысында ардагерлер Абылай хан резиденциясын, Солтүстік Қазақстан облыстық Ислам мәдениеті музейін және Мағжан Жұмабаев атындағы мәдени-ағартушылық орталықты аралады. Қатысушылар өңірдің тарихы мен рухани мұрасымен танысты. Сапар барысында қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылды. Экскурсия «Қызылжар» экопаркінде серуендеумен аяқталды. Ардагерлер ұйымдастырушыларға көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін алғыстарын білдірді.