Айыртау ауданында 300 литр заңсыз алкоголь тәркіленді. Тәртіп сақшылары Саумалкөл ауылының дүкендерінің бірінде құрамында алкоголь бар өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады.


Тексеру сауда орнының иесінде тиісті лицензиясы жоқ екенін көрсетті. 581 бөтелке тәркіленді, кәсіпкерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша «Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз іс-әрекеттерді жүзеге асыру» бойынша материал жиналды. Облыс бойынша жыл басынан бері құрамында спирті бар өнімдерді лицензиясыз сатудың 237 фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 8 мың литрге жуық алкоголь тәркіленді.