Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында А. Винокуров спорт сарайында құқық қорғау органдары арасында шайбалы хоккейден республикалық турнир өтті.Бүгін турнирдің топтық ойындар ойнатылды, жеңімпаз командалар ақтық сында өнер көрсететін болады.Әріптесім дайындаған сюжетке назар аударайық.


Жарыстың шымылдығын "Қорғау" және "Арыстан" командалары ашты. Матчтың қортындысы есебі 10 : 1 облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің пайдасына шешілді.Жанкүйерлердің қарасы қалың,олар Солтүстік Қазақстан командаларға ерекше қолдау көрсетуде. Республикалық турнирде Қазақстанның бірқатар облыстарынан келген құқық қорғау органдарының командалары да қатысуда.


СЕРІК ТҰРСЫНБАЕВ,СҚО МАМАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ №1 БАТАЛЬОНЫНЫҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ:


Турнирдің алғашқы ойындары тартысқа толы өтті. Мұз аренасында ине шаншар орын жоқ,барлығына турнирдің үздік командасы кім болатындығы қызық.Жанкүйерлер ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.


- Аударма – Ойын тамаша деңгейде өтуде,Қорғау командасы жеңіске жетіп жатыр олар үшін қуаныштымын.


- Аударма - Маған ойын өте ұнады!"Қорғау"командасы жақсы ойын өрнегін көрсетті.Қорғаудың сапындағы №6 ойыншының ойыны есте қаларлықтай,көптеген шайбылардың авторы атанды.


Топтық кезеңін матчтары аяқталғаннан кейін турнирдің салтанатты ашылуы басталды.Командалар сап түзеп,жанкүйерлерді ықыласпен қарсы алды.Салтанатты рәсімде облыс әкімінің орынбасары Сатжан Аблалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


САТЖАН АБЛАЛИЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


2 желтоқсан күні турнирдің финалдық ойындары өтеді.Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады.