Ақжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен болашақ жоспарлары туралы" СҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдеріне аудан әкімі Қанат Қалиев айтып берді.


 Ақжарлықтардың басты міндеттерінің бірі-ауыл шаруашылығында жоғары нәтижелерге қол жеткізу.Аудандағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егін жинау алаңы 291 мың га құрады, алайда биыл ауа-райына байланысты ойдағыдай астық жинай алмаған. Аудан бойынша орташа көрсеткіш гектарына небәрі 9,3 центнерді құрап отыр. Осыған қарамастан, 2022 жылы 3 млрд теңге сомасына 80 жаңа техника сатып алынды. Ауданда мал шаруашылығы бойынша өнімнің барлық түрлерінің өсуіне жағдай жасалған.


ҚАНАТ ҚАЛИЕВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Тұрғын үй құрылысы саласында да оң нәтижелер бар. 2022 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 1 995 млн.теңгені құрайды. "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында жалпы сомасы 79 млн теңгеден астам қаражатқа Талшық, Дәуіт және Ащыкөл ауылдарында электр желілерін салуға келісім шарт жасалды. Бүгінгі таңда барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, бас мердігерден пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.