Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев облыс тұрғындарымен кездесті. Іс-шара барысында Министр елімізде мәдениет пен спорт саласын дамыту жолында іске асырылып жатқан ауқымды жобалар мен болашаққа жоспарлар туралы айтып берді. Мұнымен қоса, екі секторда еңбек етіп жүрген мамандарға қандай қолдау көрсетіліп жатқаны туралы да сөз қозғады. Солтүстікқазақстандықтар болса өз кезегінде Дәурен Абаевқа көкейдегі сауалдарын қойды. Әріптесім Майгүл Сейілбектің бейнематериалында.


Ең алдымен Дәурен Абаев екі саланы дамытудағы ауқымды жобалармен бөлісті. Мәселен, министрлік мәдениет пен өнер саласын және архив ісін жетілдіруде бірқатар жаңа жобаны қолға алды.Әсіресе, осы бағытта жұмыс істейтін мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету тетігі жаңартылмақ. Биылдан бастап мәдениет және архив ісі ұйымдарының барлық санаттағы қызметкерлерінің еңбек ақысы 2025-ші жылға дейін жыл сайын 20 пайызға көбеймек. Сонымен қатар, ұлттық мәртебеге ие сала өкілдерінің жалақысы 75 пайызға артты.


ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

-  Спорт саласында еңбек ететін мамандар да назардан тыс қалмауда. Мәселен,чемпиондармен олардың жаттықтырушыларына төленетін төлемдердің мөлшеріі 25 АЕКнен 100 АЕКке дейін яғни 4 есе ұлғайды. Бұдан бөлек бұған дейін спорт төрешілері жарыстарда жұмыс істегендері үшін күніне 2,5 мың теңге алса биылдан бастап 17 мыңнан-20мыңға дейін көбейді. Бұл додалардың әділ өтуі үшін қолға алынған шара.


Бұдан бөлек жиын барысында министр елімізде туризм саласының дамуына тоқталып кетті. СҚ-да қорғалатын 16 табиғи нысан бар. Осы ретте туристтік агенттіктер облысымызға демалуға келген меймандарды өңірдің бай тарихымен таныстыру мақсатында 35 экскурсиялық маршрут әзірледі.


ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

-  Биыл СҚО-да туризм саласы бойынша 2,2 млрд теңгеге 10 инвестжоба іске асырылып жатыр. «Имантау-Шалқар» курортық аймағында орналасқан «Ажар» және «Изумрудный» демалыс базасы қайта жаңартылып, кеңейтілді.


Кейін Дәурен Абаев тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры Біржан Жалғасбаев өңірде мәдениет саласы мамандарының тапшылығына шағымданды. Тіпті бұл мәселені шешу үшін өз ұсыныс-тілегін де жеткізді.


БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Біздің облыста Астана қаласындағы ұлттвқ өнер университетінің филиалы ашылса бұл сұрақтар түгелдей жабылар еді. Өйткені дарындарға бай өлке, бишілер музыканттар, суретшілер.Осынадй өтінішпен ұсынысты қолдасаңыз нұр үстіне нұр болар еді.


ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

-  Филиал ашу бойынша біз бәрін жақсылап есептеуімізк ерек. Мен бүгін Айман Қожабековнамен сөйлестім. Бұның нақты есебі керек. Өйткені қанша адам мектепті бітіреді облыста. Қаншасы осы мамандыққа барады. 300-500 болама.Мәселе сода.Оданк ейін ол балалар бітіріп шыққан кейін қайда барады. Олардың барлығын жұмысқа ала аласызба.


Ал, олимпиада ойындарына қатысушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жеңілатлет Ирина Эктова болса өскелең ұрпақ арасында саламатты өмір салтын насихаттау үшін қажет спорт алаңдарының аздығы мәселесін көтерді.


ИРИНА ЭКТОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

-  Әрине, облыс орталығында спорт сарайы мен клубтар баршылық. Аудандарда дене шынықтыру сауықтыру кешендері көптеп салынуда. Бұл қуантарлық жайт. Бірақ соған қарамастан облысымызға тағы бір үлкен спорт сарайы қажет. Бүгінгі күні жергілікті билік өкілдері сметалық құжаттарды әзірледі. Жоба құңы 18 млрд теңге. Бұл СҚ үшін үлкен сомма. СОл себепті мемлекет тарапынан көмек сұраймыз.


ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

-  Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесіп, бұл мәселені көтеретін боламын. Жоба дайын болса біз әрине қолдау көрсетуге әзірміз.


Кейін Дәурен Абаев азаматтарды жеке қабылдап, журналистермен брифинг өткізді.



Майгүл Сейілбек