Петропавлда гір спортынан облыстың ашық турнирі өтті. Жарысқа түрлі жастағы 100-ден астам жас спортшы қатысты. Олар 11 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Тілшінің бейнематериалына назар аударайық.


Биыл Гуманитарлық-техникалық колледжге - 92 жыл. Осыған орай білім ордасында жастар арасында гір тасын көтеруден облыстық ашық турнир өтті. Оған 100-ден астам спортшы қатысты. Білекті әр жасқа 10 минуттан беріледі. Осы уақыт ішінде гірді кім көп әрі дұрыс көтереді, сол жеңіске жетеді. Қатысушылардың барлығы мықты. Олардың біразының көрсеткіші 100-ден асып түсті.


Ортада Нұрасыл Ерболатұлы бақ сынап жатыр. Ол Уәлиханов ауданының намысын қорғайды. 12 жасар спортшы берілген уақыт ішінде гір тасын 90-нан асыра көтерді.


НҰРАСЫЛ ЕРБОЛАТҰЛЫ, турнирге қатысушы, Уәлиханов ауданы:

- Гірмен айналысып жүргеніме 2 жыл болды. 16 келілік гірді 10 минуттың ішінде 94 рет көтердім.


Жалпы, облыстық ашық турнирге өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 14 команда қатысты. Спортшылардың ең кішісі 12 жаста.


СЕРГЕЙ ГУТЕВИЧ, турнирдің бас төрешісі:

- Ұл балалар 11 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Ал қыздар 4 салмақта өнер көрсетіп жатыр. Қатысушылар жақсы дайындықпен келген.


Жеңіске жеткен жастар жүлдесіз қалмады. Оларға грамота мен медальдар табысталды.