Петропавлдағы тағы да бір сайлау учаскесі облыстық көпсалалы ауруханада орналасты. Қазір мұнда 200-ге жуық науқас ем қабылдып жатыр. Елдегі саяси науқаннан олар да тыс қалмай, өз таңдауларын жасады.


Тізім бойынша нөмірі 347 сайлау учаскесінде 195 адам дауыс береді . Олар жұма күні стационарда ем қабылдаған жандар. Бірақ тізім өзгеруі мүмкін. Мұндағы сайлаушылардың қатарына жаңадан қосылған науқастар да қосылмақ. Дәл осы сайлау учаскесінде жалпы саны 250-ге жуық адам дауыс береді деп жоспарланған. Сондай ақ мүгедектігіне байланысты қозғала алмайтын жандарға жеңілдіктер бар.


ДАРЬЯ ПЕТРИЩЕВА , № 347 сайлау учаскесі КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Мүгедектігі бар адамдар ерекше жағдайды талап етеді. Сондай-ақ хирургиялық отадан шыққан науқастарда бар жүре алмайтын. Жүктілікті сақтап қалуға келген әйелдерді де ескеруіміз керек. Оларға артық қозғалыс зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан олар да палаталарын да дауыс береді.»


Алғаш дауыс бергендердің бірі Айнагүл Жанысова. 55 жастағы әйел өткен сәрсенбі күні көпсалалы аурухананың гастроэнтерология бөліміне ауырып түскен. Ол алғашқылардың бірі болып, өз таңдауын жасады.


АЙНАГҮЛ ЖАНЫСОВА:

- «Ауырып жатқаныма қарамастан , дауысымды беруге келдім. Сайлау барысы жақсы өтіп жатыр. Барлығы ұйымдастырылған күйде. Бұл елдегі маңызды саяси науқан. Мен елде бәрі жақсы болғанын қалаймын. Және сол үшін өз таңдауымды жасадым.»


Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше өңірде 655 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр, соның 12-сі – жабық учаске, яғни ауруханаларда, тергеу изоляторында орналасқан.