Петропавлда «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңі өтті. Оған аудандық деңгейден сүрінбей өткен 53 мұғалім қатысты. Фестиваль білім беру мен тәрбиелеудің 5 бағыты бойынша ұйымдастырылды. Ұстаздар қауымы балаларды оқыту барысында қолданатын ерекше инновациялық әдіс-тәсілдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
Шал ақын ауданының тұрғыны Эрика Мельникова білім беру саласында 18 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бүгінгі күні ол «Өркен» өнер мектебінде қосымша білім беру пәнінің мұғалімі. Мұндай фестивальға қатысып, әріптестеріммен тәжірибе алмасу үлкен мәртебе дейді білікті маман. Ұстаз тәрбиеленушілерін балшықтан мүсіндер жасап қана қоймай тарих бетіне үңілдіріп, халқымыздың әдет-ғұрпымен таныстырып жүр.
ЭРИКА МЕЛЬНИКОВА, «ӨРКЕН» ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
- Бұл жобамен 4-ші жыл қатарынан жұмыс істеп келемін. Алғашында балаларға жай мүсіншілерді жасауға үйретсем, қазіргі таңда қазақ халқының және өзге де ұлт-этностардың тарихын түсіндіріп, жұмыс істеймін. Осылайша ұл-қыздардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, өнерге жақын болуға баулимын.Осы тың иедяммен өзге әріптестеріммен де бөліссем ба деймін.
Байқаудың басты мақсаты мен міндеті озық тәжірибелі педагогтардың білім берудегі идеяларын анықтау және қолдау көрсету. Аудандық және қалалық кезеңге 300-ге тарта мұғалім қатысты. Ал, облыстық кезеңде соның 53-і бағын сынауда. Олар 5 бағыт бойынша жобаларын ұсынды.
ДУМАН ЗАКИРИН, СҚО БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:
Жобалары үздік деп танылған 7 мұғалім қаңтар айында өтетін республикалық байқауда бақтарын сынамақ.
Майгүл Сейілбек