Петропавлда Облыстық «Жырлайды жас жүрек» ақындар мүшәйрасы өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған байқауға,  өңірдің 13 ауданынан 55 оқушы қатысқан. Ал бүгінгі ақтық сынға  барлығы 15 қатысушы өткен. 5-10 сынып оқушылары арасында болған тартысты байқау жайында әріптесім – Айнұр Досан тарқатсын.

«Жырлайды жас жүрек». Бұл жас жазушы ақындардың басы қосылған тартысты жарыс. Мұнда СҚО-ның 13 ауданынан «менмін» деген небір таланттар жиналған. Байқаудағы басты талап қатысушылардың өлеңдері 6 шумақтан кем болмауы тиіс.  

ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, АЙТЫСКЕР АҚЫН, МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ:
-
Бұл мүшайраның басты мақсаты алыс ауылда, елде жүрген, өлең жазып, қолына қалам ұстаған жас балаларға қолдау көрсету. Балалар жылында талантты балаларды елге таныту.  Бұл мүшәйраны мәдениет басқармасын тікелей қолдауымен өткізіп отырмыз. Өйткені өздеріңіз білесіздер, Ерік Асқаров атындағы Облыстық жас ақындар мектебінің жұмыс жасап жатқанына биыл 5 жыл болды. Осыған дейін қаншама бала, шәкірт тәрбиеледік... Отан , ел, туған жер ттуралы өлеңдер жазды балалар. Патриоттық өлеңдер. Балаларға екі тапсырма бердік: біреуі еркін тақырыпта өзі қалаған өлеңді оқиды, екіншісі біз қалалаған тақырыпта.

 Байқауға қатысушы Сая Ерқанаттың айтуынша патриоттық бағытта өлең жазу оған ұнайды. Өз Отанын, Туған жерін өлеңге қосу бір ғанибет дейді. 

САЯ ЕРҚАНАТ – ҚАТЫСУШЫ, ЕСІЛ АУДАНЫ
Бірінші рет осындай ортаға келіп отырмын. Өзім Қытай Республикасынан келгенмін. Келгеніме көп болмады. Бала күнімнен атамның өлеңдерін тыңдап өскенмін. Өзім де ата жолын қуып, өлең жазып өзімді көрсетсем дедім. Өлеңді сол 9-10 жасымнан бастап жазып келемін.

Жарыстың ең жас қатысушыларының бірі 10 жастағы – Мөлдір Ерсай. Ол ақындыққа енді аяқ басқан жас талант. Байқауда өзінің «Жапырақтар»  өлеңін ұсынды. 

МӨЛДІР ЕРСАЙ, ҚАТЫСУШЫ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ:
Мен өлең жазуды 3 сыныпта бастадым. Өз сынып жетекшім Балжан Ережеповнамен 5  жол өлең жазуды үйрендім. Ол кезде Отан, ауылым деген өлеңдер шығара бастадым. КейінӘәбу Досмахамбетов мектебіне түстім. Мені ұстаздарым дайындады. «Жапырақтар» деген өлеңді дайындадым.  Мен осы өлеңді жазған себебім. Бұл маған қатты ұнайтын мезгілдердің бірі – күз. Сосын осы өлеңді шығардым.

 Қатысушыларға 8 арнайы жүлде табысталды. Мүшәйра соңында жеңімпаздар алғыс хаттар, бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.   Бас жүлдені Петропавлдық – Алдияр Ислямбек еншілеп 25 000 ақшалай сыйлыққа ие болды.   



АЙНҰР ДОСАН