М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да «Бөрік теппек» ұлттық ойыны өтті. Қазақтың ежелден келе жатқан ойыны университетте биыл екінші рет ұйымдастырылған. Оған 21 студент қатысты.
Бөрік теппек — қазақтың ұлттық ойыны. Негізінен жаздыгүні көгалда, алаңда, ашық далада ойналады. Ереже бойынша, ойынға жиылғандар қаз- қатарынан тұрып, қолдарындағы көлемі бірдей допты кезектесіп лақтырады. Қатысушылардың ішінде кімде-кім үш рет допты барлығынан алысқа лақтырса, сол жеңімпаз атанады.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
- Бүгін біздің университетімізде ұлттық ойын «Бөрік теппек» екінші рет өткізіліп жатыр. Біз тарих, салт-дәстүр, тіл және отбасының қазақ халқы үшін қаншалықты жоғары құндылыққа ие екендігін білеміз. Сондықтан бүгінгі біздің міндет жастардың салт-дәстүрден хабардар ету. Бұл ойын жастар арасында шапшаңдық пен жылдамдықты, мергендік пен қырағылықты дамытады. Ойын соңында қыздар мен ұлдар арасындағы үздіктер анықталады.

Студенттер қатарында бөрік теппектен хабары бар тәжірбиелі ойыншылар да болды. Олардың бірі 1 курс студенті – Еркін Тоқтарбеков.
ЕРКІН ТОҚТАРБЕКОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СТУДЕНТІ:
- Мектеп кезінен бұл ойын маған жақсы таныс. Бұрын жыл сайын мектепте өтетін. Жалпы допты барынша алысқа лақтыру қажет, командада 3 адамнан болады кейде 4 адам.

Жастардың пікірінше, салт-дәстүр, осындай ұлттық ойындар көбірек насихатталуы керек.
ДИЛЬНАЗ АНАРБЕКОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СТУДЕНТІ:
ДИАНА ТАЕВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СТУДЕНТІ:
Ойын соңында жеңімпаздар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды Алда ұлттық ойынды ЖОО-ның дәстүрлі ІС-шарасына айналдыру көзделген.