Аманат партиясының «Жастар рухы» филиалы Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-нің студенттермен кездесу ұйымдстырды. Кездесу барысында Президенттің халыққа жолдауы, Аманат партиясының соңғы сьезі және халықтық коалицияның форумы сынды саяси оқиғаларды талқыдан өткізіп, студенттер пікір алмасты. 

 6 қазан күні өткен "AMANAT" партиясының кезектен тыс съезінде депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевты алдағы сайлауда Президент кандидаттығына ұсынды. Кейін оны қолдау үшін халық коалициясының форумы өтті. Оған екі мыңнан астам саяси партиялардың және 30 Республикалық қоғамдық бірлестіктің өкілдері қатысты. Бүгін осы оқиғаларды Аманат партиясының «Жастар рухы» филиалы Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-нің студенттермен кездесуде талқылады.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,  «AMANAT» ПАРТИЯСЫ СҚОФ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖК ТӨРАҒАСЫ:
 
Кездесуге қатысушы спикерлер арасында депутаттар, қоғам қайраткерлері және Аманат партиясының өкілдері болды. Сөз сөйлеген спикерлердің бірі - № 17 мектептің директоры Лаззат Жалмұқанова. Ол Президент Жолдауындағы маңызды сәттерді қозғап, барлық өзгерістер негізінен тұрғындрдың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

ЛАЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА, № 17 ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
-
«Жаңа идеяларға ашық, сыни және креативті ойлайтын, өз білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіруге дайын азаматтар ғана прогрессивті зияткерлік қоғамның негізі болып табылатыны анық. Мемлекет, сіздің ата-анаңыз сияқты, лайықты жас ұрпақты тәрбиелеуге тырысады.»

Кездесуге жалпы саны 60 студент қатысты. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау 20 қараша күні өтеді.

Әміре Ақбатай