1500 тұрғын үшін ауыз су мәселесі енді артта қалмақ. Бүгінде Шал ақын ауданында су құбыры желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тіршілік көзі Преснов топтық су құбырынан тартылмақ. Жаңажол, Жаңаталап ауылдарында шаруа аяқталып қалды. Қазір жұмыстар Бірлік, Кеңес елді мекендерінде жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, осыған дейін бұл  ауылдар сусыз отырған.

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Проект расчитан на 2 года. Сумма проекта - 2,1 млрд тенге.

 Су желісін тарту жұмыстары биыл бітуі тиіс. Келесі жылы мамандар сорғы станцияларын орнатпақ ниетте. Жұмыстың барысын өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов көріп, су таратушы желілердің қажеттілігін атап өтті. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Әр ауылда су тарататын желі болуы керек. 5 жыл ішінде 6,5 мың адам үйлеріне су кіргізді. Яғни, үйге кір жуғыш машина, душ кабиналарын орнатуға болады. Биыл ауыз су мәселесі бойынша 55 ауылда тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бастысы, барлық шаруа сапалы түрде жүргізілуі тиіс

 Келесі кезекте Ступинка, Семиполка, Повозочное ауылдарына су тарту жоспарланған. Қажетті құжаттар дайын. Қаржы келесі жылы бөлінуі тиіс. 

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Жоба құны - 2,4 млрд теңге. 2 жылға шақталған. Сапалы ауыз сумен 3 ауылдың 2 мың тұрғыны қамтылады. Бірлік, Кеңес, Жаңажол, Жаңаталаптан кейін Ступинка, Семиполка, Повозочноеға көшеміз. Осылайша, аудандағы 7 ауылда су мәселесі шешіледі.

Облыс әкімі Повозочное ауылына да болды. Қазір мұнда хоккей кортының үсті жабылып жатыр. Жоспар бойынша жұмыс желтоқсанда аяқталуы тиіс. Осы мақсатқа 90 млн теңге бөлінген. 

НИКОЛАЙ ЛУГОВОЙ, «АгроСевер» ЖШС директоры, Шал ақын ауданы:
- Хоккей кортының үстін жабу үшін мердігер «Мамыр» серістестігінің өкілдерімен маусым айында сөйлестік. Қаражат мәселесі бойынша қиындықтар туындады. Өйткені, қазір материалдардың бағасы шарықтап кеткен. Десе де тиісті келісімшарт жасағалы жатырмыз.

Өңір жетекшісі ауыл тұрғындарымен жүздесіп, жағдайларын сұрады. Сондай-ақ, биыл егіннің шығымдылығы жақсы екенін, серіктестіктердің жұмысы көзге көрініп жатқандығын тілге тиек етті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Кәсіпкерлердің кірісі ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасынан көрінуі қажет. Мемлекет те бұл бағытта қолдан келгенін аямауда. Повозочноеның барлық көшесіне шамдар орнатылған. Су мәселесі келесі жылы толықтай шешімін таппақ. Мектептеріңіз де талаптарға сәйкес жұмыс істеп тұр. Медицина саласы да көңіл қуантады.

Құмар Ақсақалов Шал ақын ауданынан Петропавлға дейін жол сапасы жақсаратынын да атап өтті. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
- Бізге алдымен Сергеевкадан қалаға апаратын жолды жөндеу керек. Биыл Шал ақын ауданынан Николаевка ауылына дейінгі трасса қалпына келтірілуі қажет еді. Алайда, ол жұмыстың бір бөлігі ғана атқарылды. Өйткені, қазір 2 компания соттасып жатыр. Бірақ, кез келген жағдайда жұмыс жалғасын табады.
 
Облыс әкімі жергілікті жастардың еңбекпен қамтылу барысын сұрады. Повозочное ауылындағы жастардың басым бөлігі жұмыс істейді.