СҚО, Жамбыл ауданы бойынша өндірісте алимент төлемей жүргендер бойынша 119 атқарушылық құжат бар. Олардан 1,3 млн. теңге өндірілді. Алименттен жалтарған 3 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олардың біреуі 1млн теңгеден асатын борышын өтеп, қылмыстық іс екі жақтың татуласуына байланысты тоқтатылды.  Қалған 2 қылмыстық іс өндірісте. Ал, балаларына тиісті ақшаны төлемей жүрген 5 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.