Уәлиханов орталық аудандық ауруханасында бүгінгі күні 24 маман еңбектенеді. Оның 4-і күнгейден теріскейге қоныс аударған. Солардың қатарында невропатолог дәрігер Қарлығаш Досболова да бар. Ауданда маманның бар жағдайы жасалды. 
 
 Қарлығаш Досболова СҚ-ға осыдан 4 жыл бұрын Оңтүстік Қазақстаннан көшіп келді. Бала кезінен дәрігер болуды армандаған маман Алматы қаласындағы Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетін 2018-ші жылы тәмамдаған. Кейін тұрмыс құрып, жолдасымен Уәлиханов ауданына қоныстануға шешім қабылдайды.   
 
ҚАРЛЫҒАШ ДОСБОЛОВА, УӘЛИХАНОВ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕВРОПАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ: 
-   Мұнда келуіміз... естідік что сондай бағдарлама бар екенін. Оңтүстіктен солтүстікке келуге болатыны жайлы. Жақсы ұсыныстар түсті. Сол үшін осында таңдап келдік.  Танысымыз арқылы келдік. Танысымыз Ақжар ауданында дәл осындау ауруханада жұмыс істейді. Ол кісілер тоже сондай бағдарламамен келген. 
 
 Жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, әр адам басына ақшалай көмек көрсетілді. Қарлығаштың жолдасы Кішкенекөлде мектепте мұғалім болып еңбектенеді. «Ауданда әсіресе жұмыс орындарымызда бізді жылы қабылдады, солтүстікқазақстандықтар ақжарқын, жылы жүзді жандар», - дейді келіншек. Дәрігерден ем алатын ауыл тұрғындары оған өзінің оң бағасын беруде.
 
ЗӘМЗӘГҮЛ ҚҰЛМҰҚАНОВА, КІШКЕНЕКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  
-  Біздің дәрігеріміз Қарлығаш Ескеновна, невропотолог дәрігеріміз Уәлиханов ауданына келгелі бері біз өте қуаныштымыз.Бүгінгі таңда ол өзін тек жақсы деңгейде көрсетіп жатыр. Алғысымызды білдіреміз.
 
 Жалпы, бүгінгі күні өңірде медицина саласына 200 маман жетіспейді. Бұл мәселені шешуде көші-қон бағдарламасының берер пайдасы мол.

Майгүл Сейілбек