Петропавлдағы әйелдер колониясында ашық есік күні өтті. Түзету мекемесінде қазіргі таңда 224 қыз-келіншек  жазасын өтеп жатыр. Ашық есік күнін пайдаланып, кездесуге келгендердің қатары қалың. Арасында жазасын өтеушілердің балалар да бар.

 Сотталған Алтынгүл Баязиева қызымен 3 жыл бойы көріспеген. 8 жасар қызы қазір Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылындағы балалар үйінде тәрбиеленуде. Бүгін колония қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жазасын өтеушіге балапанымен кездесу ұйымдастырылды. Ана қызын көрген сәтте қуанышын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.  

АЛТЫНГҮЛ БАЯЗИЕВА, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:
- Мен қызымды  2020 жылы соттаған кезде көргенмін Содан кейін кездеспедік.  Осыған дейін қызыммен телефон, видео қоңырау арқылы хабарласып тұратынбыз. Дегенмен бүгін қызымды көзбе-көз көремін деп күтпедім. Қазір қандай сезімде екенімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Маған қызыммен кездесу мүмкіндігін сыйлаған мекеме қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Күтпеген тосын-сый болды. 

Бүгінгі ашық есік күнінде өз анасын, қызын, қарындасы мен әпкесін көремін деп келгендер 90-нан асты. Оның 14-і бала. Аятарын шалыс басып, енді сл үшін жазасын өтеп жатқандар ет жақындары келгенде көңілдері босап сала берді. 

Түрмедегі жақындарын іздеп келгендер  үшін кішігірім дастархан жайылды. Оған қоса сотталғандардың қолынан шыққан бұйымдар қойылған  көрме ұйымдастырылды.   

 ҚАЙРАТ   АЙСАҚОВ, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД  «№ 50 МЕКЕМЕСІ» РЕЖИМ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әйелдер колониясында түрлі іс шаралар жиі өткізіліп тұрады, өз кітапханалары бар, клуб жұмыс істейді. Сондай-ақ сотталғандар жұмыс істеп, қаражат та таба алады, қазір жазасын өтеушілердің 99 пайызы жұмыспен қамтылған.