Негізгі Жаңалықтар Полицияға жұмысқа орналасу тәртібі  

Полицияға жұмысқа орналасу тәртібі  

Солтүстік Қазақстан облысы полициясында ішкі істер органдарындағы қызметпен кәсіби өмірін байланыстырғысы келетін азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Мұнда халықпен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлерден бастап, заманауи цифрлық бағыттағы мамандарға дейін сұраныс бар. 

Бүгінде полицияда тек патрульдік қызметкерлер мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін мамандар ғана емес, жедел уәкілдер, тергеушілер, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, көші-қон, ювеналды полиция және басқа да бағыттар бойынша қызметкерлер еңбек етеді. Барлығының ортақ міндеті – халық пен мемлекет игілігі үшін қызмет ету, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту. Қазіргі полиция заманауи технологияларды кеңінен қолданады. Олардың қатарында интеллектуалды бейнебақылау және жол қозғалысы ережелерін автоматты тіркеу жүйелері, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану кешендері, «Кибер-шериф» аппараттық-бағдарламалық кешені, ұшқышсыз ұшу аппараттары, деректерді цифрлық өңдеу жүйелері және бейнеағындарды талдауға арналған жасанды интеллект технологиялары бар. Сондықтан полицияға көшеде қызмет атқаратын мамандармен қатар, техникалық, аналитикалық және цифрлық дағдылары бар қызметкерлер де қажет.

СНХР: Рахат Далабай – Петропавл қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы

Қызметкерлерге тұрақты ақшалай қамсыздандыру, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, медициналық және санаторийлік-курорттық қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдері, кәсіби оқыту және қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған өзге де әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған. Бос жұмыс орындарымен танысып, өтінім беру үшін qyzmet-police.kz платформасын пайдалануға болады. Тіркелгеннен кейін жүйе үміткердің біліміне сәйкес бос орындарды автоматты түрде ұсынады.

СНХР: Рахат Далабай – Петропавл қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы IMG_3173.MOV 

Өңір тұрғындары тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімдеріне немесе Петропавл қаласындағы Алматы көшесі, 55 мекенжайында орналасқан СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасына жүгіне алады. Анықтама телефондары: 8 (7152) 612-612 және 61-26-57. 

Бөлісу