«Digital NORTH» жастар форумы өтті
Технология мен медиадан бастап, экология мен білім беру саласына дейін. Петропавлда «Digital NORTH» жастар форумы өтті. Өңірдің жас көшбасшылары өз идеялары мен жобаларын таныстыруда. Ауқымды іс-шара Жастар күніне орай ұйымдастырылды. Идея авторы «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық студенттік бірлестігі, ал қолдау білдірген Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы.
Мұнда ұзақ баяндамалар мен созылатын презентациялар жоқ. Тек бес минут уақыт, бір идея және аудиторияны баурап алу мүмкіндігі. «Digital NORTH» форумы дәл осы қағида бойынша өтуде. Бір алаңда IT, медиа, ғылым, білім, экология және әлеуметтік бастамалар өкілдері бас қосты. Шақырылған он спикер өз жобаларын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісуде. Үздіктер сөз сөйлеп болған соң бірден анықталады. Қатысушылар он номинация бойынша бақ сынайды.
СНХР: ТИМУР ӘЛЖАНОВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН» ҚСБ ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның басты мақсаты жастарға идея алмасатын алаң ұсынып, заманауи технологиялардың түрлі міндеттерді шешуде тиімді құрал бола алатынын көрсету. Бұл ретте қатысушылар тек спикерлерді тыңдап қана қоймай, бағдарламаға белсенді араласады.
СНХР: АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, ҚАТЫСУШЫ
Жеңімпаздарды марапаттаудан бөлек, қатысушылар үшін интерактивті бөлім цифрландыру бойынша квиз-ойын дайындалды. Форум лауреаттардың ортаға шығуымен және қорытынды марапаттау рәсімімен аяқталады. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталады.