Негізгі Жаңалықтар Петропавлда жастар арасында квест өтті

Петропавлда жастар арасында квест өтті

Петропавлда «Таза Қазақстан» жобасы мен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастар арасында квест ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушыларға саламатты өмір салты, қауіпсіздік және жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді.  

Петропавлда өткен жастар квесті ойынында қатысушылар жылдамдығы мен тапқырлығын сынап, денсаулық, қауіпсіздік және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылады.

СНХР: ЖҰЛДЫЗ ШӘКІРОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Квест бірнеше тақырыпта өтті. Оларды АИТВ-ның, есірткі және киберқылмыстың алдын алу саласының мамандары, сондай-ақ Психологиялық қолдау орталығы мен Жастар денсаулық орталығының өкілдері дайындаған. Тапсырмалар интерактивті форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, топтық ауызбіршілігін көрсетті және шынайы өмірде ғаламторда да, одан тыс жерде де өзін қалай қорғау керектігі туралы пайдалы ақпарат алды.

СНХР: АРСЕН ШИБУШИКОВ, ВОЛОНТЕР 

Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» жобасы аясында қалалық Жастар ресурстық орталығы 170-тен астам іс-шара өткізді. Ал «Заң және тәртіп» бағыты бойынша 190-нан астам кездесу ұйымдастырылған.


Бөлісу