Негізгі Жаңалықтар Айыртау ауданында астықтың орташа өнімділігі - 17,5 центнерден

Айыртау ауданында астықтың орташа өнімділігі - 17,5 центнерден

Айыртаулық диқандар биылғы көктемгі дала жұмыстарында жалпы аумағы 373 мың гектар жерге дән сіңірген болатын. Жылдағыдан шамамен бір айға ерте басталған егін себу, орақ науқанына да ерте кірісуге мүмкіндік берді. Себебі шілденің шіліңгір ыстығында танаптардағы бітік шыққан астық әп сәтте пісіп-жетілді. Тамыз айы тумай танапқа түрен салған аудан агроқұрылымдары қазіргі күні жалпы алқаптың 25 пайызындағы жұмыстарды толық аяқтаған. Гектар берекелілігі орта есеппен 17,5 центнерден айналуда. 

Бұл комбайндар Айыртау ауданындағы «Ясмин Агро» серіктестігінің танаптарындағы орақ науқанына жұмылдырылған. Агроқұрылым меншігіндегі жалпы егіс алқабының көлемі 20 мың гектарды құраса, биылғы жылы оның 17 мың гектарын игеріп оған дәнді, дәнді-бұршақты, майлы дақылдар сепкен. Қалған 3 мыңы парға қалдырылыпты. 

СНХ: АДАМ ЗАЙНАБУЛЛАЕВ – СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұдан бөлек серіктестік диқандарының алдында 4 мың гектар алқапқа себілген зығыр, 2 мың гектар жердегі арпа мен 1100 гектарға орналастырылған рапсты шашау шығармай жинап алу міндеті тұр. Жалпы Айыртау ауданы бойынша осы жылы игерілген жер телімі 373 мың гектарды құраса оның 240 гектарына дәнді, дәнді -бұршақты, 113 мың гектарына майлы, 20 мың гектарына мал азығы дақылдары себілген. Қазір аудан көлеміндегі қай танапта болмасын орақ науқанының қызған шағы.

СНХ: АСХАТ БӘКЕЕВ – АЙЫРТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ 

Көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде бастап уақтылы аяқтау мол өнімге кенелудің кепілі. Ал бітік шыққан ырыс дәнін орақ науқаны басталған шақта шашау шығармай жинап алуда үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде.

СНХ: АСХАТ БӘКЕЕВ – АЙЫРТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ 

Айыртаулық шаруалар жыл сайын егістік көлемін ұлғайту үстінде. Өткен жылы күздік бидай небары 400 гектарға егілсе, биылғы жылы бұл көрсеткіш 3200 ге жеткен.Ал майлы дақылдар алқабы 80 мың гектардан 113 мың гектарға артқан. Ал олардың бәрін игеруде машина-трактор паркіне артылар жүк ауыр. Агроқұрылымдар бұл мәселелерді де оңтайлы шешуде. Тек биылдың өзінде олар Каз Агро финанс және өзге де қаржы институттары арқылы жалпы сомасы 7 миллиард теңгеден астам ақшаға заманауи техникалар сатып алған. Олардың бәрі қазір күні танап басында.  


Бөлісу

Аймақтық телеарналар