Жастар тазалықты қолдайды
Облыс орталағында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында тазалық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға 60-тан астам студент, оқушы және волонтер қатысты. Басты мақсат – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастырып, жастарды табиғатты қорғауға тарту.
Жыл басынан бері облыстың жастар ресурстық орталықтары 300-ден астам экологиялық іс-шара өткізді. Оның ішінде аумақтарды тазалау, көгалдандыру жұмыстарымен қатар, зияткерлік ойындар, шеберлік сабақтары мен тренингтер ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.
АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Тазалық акциясына қатысушылардың басым бөлігін жастар құрап отыр. Олар саябақ пен сквер аумағын тазалап, қоршаған ортаның көркеюіне өз үлестерін қосуда.
НҰРӘЛІ МҰХАМЕДЖАН, ЕРІКТІ
Алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы экологиялық іс-шаралар өз жалғасын табады. Жастардың белсенді қатысуы арқылы қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіле бермек.