Негізгі Жаңалықтар Жамбыл ауданында орақ науқаны қызды

Жамбыл ауданында орақ науқаны қызды

Жамбыл ауданында егін жинау науқаны қызу қарқынмен басталды. Биыл диқандар егістік алқаптарына әдеттегіден ертерек шықты. Ауданда жалпы көлемі 328 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның басым бөлігін бидай алқаптары құрайды. Жиын-терім жұмыстарына жүздеген ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Ірі шаруашылықтармен бірге шағын шаруа қожалықтары да орақ науқанына белсене кірісті.

Жамбыл ауданында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл қолайлы ауа райының әсерінен диқандар егістікке әдеттегіден сәл ертерек шықты. Маусымдық жұмыстар уақытылы басталып, дәнді және майлы дақылдардың түсімі де жақсы деңгейде.

РҮСТЕМ ДҮЙСЕМБЕКОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Қазіргі таңда ауданда дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына шамамен 15 центнерді құрайды. Ал майлы дақылдардан орта есеппен 10 центнерден өнім алынуда. Егін жинау жұмыстарына 546 астық жинайтын комбайн жұмылдырылған. Шаруашылықтар ауыл шаруашылығы техникаларын кезең-кезеңімен жаңартып келеді. Заманауи техниканы ірі қожалықтармен қатар, шағын фермерлік шаруашылықтар да алуға ұмтылуда. Аудандағы ең байырғы шаруашылықтардың бірі – «Байжұман». Ол 90-жылдары құрылған. Бүгінде шаруашылық 937 гектар жерді игеріп, әр гектардан орта есеппен 18 центнерден астық жинауда.

АХАТ ҚОЖАНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БРИГАДИРІ

Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын аграршылар жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары арқылы жүргізіп келеді. Солардың бірі – «Кең Дала 2» бағдарламасы. Сонымен қатар шаруашылықтар жеңілдетілген бағамен дизель отынын алу бойынша келісімшарттар жасасқан.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар